Бас жаңалықтар
Полиция инспекторына пара берген автоледиге айыппұл салынды
21 Қыркүйек 2019, 10:51 476

Полиция инспекторына пара берген автоледиге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сот осы істі қарап, заң бұзушыға мемлекет пайдасына 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде айыппұл салды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Патрульдік полиция қызметкері сержант Әсет Зайнуллин Ақтөбе қаласының жас тұрғынының Lexus автокөлігін тоқтатты. Ұсталған жерде қыз бірден пара ұсынды, бірақ инспектор үзілді-кесілді бас тартып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. 

Келесі күні құқық бұзушы инспектордың ұялы телефонын тауып, оған қоңырау шалған. Ол тағы да мәселені оның пайдасына хаттамасыз шешуді ұсынды.

Бірнеше күн өткеннен кейін полиция инспекторының ұялы телефонына алғыс сөздер жазылған СМС-хабарлама келіп түсті. Әсет Зайнуллин полицейлерлік антына адал бола тұра, бұл туралы өз басшылығына дереу хабарлады.

"Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімшілік іс қозғап, сотқа жіберді. Сот осы істі қарап, заң бұзушыға мемлекет пайдасына 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде айыппұл салды", - делінген ведомство хабарламасында. 

Полиция департаменті Көлік құралдарының жүргізушілері пара бергені үшін қолданыстағы заңнамада жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. 



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық