Бас жаңалықтар
Полицейлерге көмектескен елорда тұрғыны марапатталды
12 Тамыз 2019, 15:56 251

Полицейлерге көмектескен елорда тұрғыны марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада "Сарыарқа" ауданының полиция басқармасы ауыр қылмысқа қатысты күдіктіні ұстауға көмектестен қала тұрғыны Сергей Горбуновқа алғыс грамотасы мен естелік сыйлық табыс етті.

11 тамызда қала тұрғыны Сергей Горбунов маламут тұқымды итімен табиғат аясында серуендеп жүргенде зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйел адамға көмекке келді. Қазіргі таңда ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

чур1.JPEG

"11 тамыз 2018 жылы сағат 23.30-да Р есімді азаматтан 11 тамыз күні сағат 20.00-де көшедегі белгісіз тұлғалар Алтынемел көшесі, 27 үйде оған дене жарақатын келтіргені жөнінде арыз келіп түсті. Осы фактіге байланысты ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысты жасаған А. есімді азамат ұсталды. Құқық қорғау органдарына қылмыстың ізін суытпай ашуда, көрсеткен қырағылығы, азаматтық түсінігі мен батылдығы үшін азамат Сергей Горбуновты алғыс хатпен марапаттауды бұйырамын", - делінген «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Жұмағұлов қол қойған бұйрықта.

чур2.JPEG

Горбунов кешкі ауысымдағы жұмысына барар алдында Алтынемел көшесінің бойында итімен серуендеуге шыққан. Сол кезде жарым-жартылай киінген әйел жүгіріп шығып, көмек сұраған. Полицияға хабарласып, оператормен сөйлесу кезінде қашқан бір күдіктіге ит қуып жеткен.

"ІІД қызметкерлері жедел жұмыс істеді. Бұл ит жауынгерлік, қорғаныс, шабуылдау, аңшылыққа емес, тек жүгіруге арналған. Бес жылдан бері жанымда. Мен серуендеймін, әйелім де серуендейді", - дейді қала тұрғыны.

чур3.JPEG



Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Сізден жаңалық