Жамбылдық полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алудың жаңа тәсілдерін енгізуде

24 Қыркүйек 2019, 14:33
2752
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алудың жаңа тәсілдерін енгізуде
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының полицейлері өңірдің қозғалысы көп автожолдарына 3D форматтағы арнайы қызметтік машиналардың макетін қойып, кезекті жаңа эксперимент жасауда, деп хабарлады облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

Қызметтік автокөліктің сынақ ретінде орнатылған макеті қозғалыс қауіпсіздігінің және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қызмет етеді.

3.jpeg

«Полицияның көлігін» көрген жүргізушілер бірден жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіздік белдігін тағып, жол қозғалысының барлық ережесін мұқият орындайды.

Сынақтың бірінші күнінде-ақ тәртіп сақшылары жаңалықтың жақсы нәтижелерін байқады. Макеттер қойылған көлік көп жүретін жолдарда бірде-бір жол ережесін бұзушылық тіркелген жоқ.

4.jpeg

Эксперимент сәтті аяқталған кезде көліктер ең көп жүретін өңірдің тас жолдарында және ЖКО жиі болатын жолдарда орнатылатын макеттердің санын арттыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, патрульдік полиция автокөліктерінің муляждарынан бөлек, республикалық маңызы бар жолдардың 50 учаскесінде жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуінің алдын алу мақсатында «шулы» жолақтар орнатылды.

Өзгелердің жаңалығы