Полицейлер 20-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды

9 Қазан 2019, 12:33
2122
Бөлісу:
Полицейлер 20-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының полицейлері 20-қабаттан секіріп кетпек болған әйелді құтқарып қалды.  Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

102 пултіне "Манхэттан" тұрғын үй кешенінің 20-қабатының балконында әйел отырғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Ол өзіне қол салмақшы болған. Оқиға орнына "Буран-080" патрулдік экипажы жіберілді. Оқиға орнына барған полиция аға лейтенанты Саят Бекжанов және полиция лейтенанты Нұрсұлтан Бектұрсын 20-қабатқа көтеріліп, әйелді құтқарып қалған. 

"Қабатқа көтеріліп, аяң басып бөлмеге кіргенде әйел балконның шетінде отырды. Қасында арбаға салынған нәресте жатты. Көршілер әйелмен сөйлесіп, оның назарын өздеріне аударып тұрғанда, біз байқатпай келіп, жас ананы балконнан түсіріп алдық. Әйел не себепті мұндай әрекетке барғанын түсіндіре алмай жылай берді. Оны сабасына келтіру үшін құшақтағанымда, қатты жылап жіберді, сол кезде оның қиын жағдайға тап болғанын білдік. Бірақ қазір бәрі артта қалды. Бастысы ана мен оның алты айлық баласына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Саят Бекжанов.

2019100911135682738_8c5a87e0-061c-4b07-9c79-f2f9aa1f2712.jpg

Полицейлер жас ананың неліктен мұндай қадамға барғанын анықтауда. Онымен психолог жұмыс істеп жатыр. Әйелдің жолдасы басқа қалада жұмыс істейтіні белгілі болды. 


Видео: zakon.kz


Өзгелердің жаңалығы