Полицейлер атыраулықтардың құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетуде

20 Мамыр 2020, 06:53
1028
Бөлісу:
Полицейлер атыраулықтардың құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау полицейлері бір апта ішінде 120-дан астам тұрғынның құжаттарын рәсімдеуге көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында полиция департаменті көші-қон қызметінің және ХҚКО-ның "Азаматтарға арналған үкімет" жергілікті филиалының бірлескен мобильді топтары құрылды.

Бірлескен мобильді топтарды құрудағы мақсат – карантин кезінде құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен адамдардың тұрғылықты мекенжайына барып, жеке куәліктерін рәсімдеуде көмек көрсету.

Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының басшысы Руслан Әділовтің айтуынша, бірлескен мобильді топтар 13 мамырдан бастап, мекенжай бойынша шығып, көмек көрсетуге кіріскен.

Өзгелердің жаңалығы