Бас жаңалықтар
Полиэтилен пакеттерді өндіруге тыйым салынуы мүмкін
20 Қыркүйек 2019, 20:42 395

Полиэтилен пакеттерді өндіруге тыйым салынуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда полиэтилен пакеттерді сатуға кезең-кезеңмен тыйым салу туралы бастама көтерілуде. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар Мағзұм Мырзағалиев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы Абылай Мырзахметов, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басшысы Айгүл Соловьева жұма күні полиэтилен пакеттерді пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу мәселесі жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар қол қойған құжаттың мақсаты – полиэтилен пакеттерді 20 мкр-ға дейін пайдалануды азайту және қоршаған ортаға қауіпсіз орамдардың баламалы түрлеріне кезең-кезеңмен көшу.

Қол қойылған меморандум шеңберінде Кәсіпкерлер палатасы полиэтилен пакеттерді 20 мкр-ға дейін пайдалануды азайту, оның ішінде ақы төлеуді енгізу жолымен кезең-кезеңмен азайту мәселесі бойынша ақпараттық жұмыстарды жүргізу міндетін өз мойнына алады.

Тараптар сонымен бірге, биоыдырау органикалық орамдар өндірісін дамытуды ынталандыру мәселесін бірлесіп зерттеуі тиіс.

Қол қойылған құжаттың орындалуын қоғамдық мониторингілеуді Қауымдастық жүргізеді.

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі полиэтилен орам өндірушілер (импорттаушылар) үшін қалдықтарды кәдеге жарату алымының мөлшері бойынша бірлескен позициясын әзірлейді. Министр М. Мырзағалиев атап өткендей, бұл бастаманы сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысқан Қазақстан азаматтары, еріктілер де көтеріп отыр.

«Белсенділер экологияға қайтып орнына келмейтін зардап әкеліп жатқан полиэтилен пакеттер айналымын азайту үшін осыған ұқсас тетіктерді енгізу қажеттігін бірнеше мәрте айтқан еді. Сондықтан бұл меморандум осы мақсат жолындағы алғашқы қадамның бірі болмақ», - деді министр.  

Атап өту керек, еліміздің аумағында күн сайын 15 млн данаға жуық түрлі, әртүрлі қалыңдықтағы полиэтилен пакет пайдаланылып, оның соңы қалдықтар салынған контейнерлердің толуымен аяқталады. Мәселен, полигонға келіп түсетін ҚТҚ-ның жалпы көлемінің 11,2%-і полиэтилен пакеттерді қоса алғанда, полимерлерден (пластмасса) тұрады. 

Халықаралық қоғамдастық пластиктен өндірілетін өнімдер көлемін азайту жұмыстарын белсенді жүргізеді. Бүгінгі күні 40-тан аса елде түрлі кезең бойынша полиэтилен пакеттерді пайдалануға тыйым салынған. Мәселен, Германияда, Данияда, Чехияда, Өзбекстанда полтиэтилен пакеттерді бөлшек саудада тегін беруге тыйым салынған, ал АҚШ, Қытай, Италия, Австралия, Пәкістан, Грузия, Кения елдерінде полиэтилен пакеттерді пайдалануға, сатуға, өндіруге және импорттауға мүлде тыйым салынған.

Халықаралық елдер тәжірибесін, сондай-ақ нарықтағы қазіргі жағдайды зерделей келе, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанда полиэтилен пакеттерді өндіруге кезең-кезеңмен тыйым салу, атап айтқанда, полиэтилен пакеттерді тегін таратудан бас тарту, оның аясында халықты полиэтилен пакеттердің зияндығы туралы хабарландыру, өндірушілердің (импорттаушылардың) полиэтилен пакеттерге қатысты қалдықтарды кәдеге жарату төлемін алуды көздейтін кеңейтілген міндеттемелерін енгізу, 2025 жылдан бастап, полиэтилен пакеттерді өндіруге толық тыйым салу қажет деп санайды. Бұдан басқа, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, полиэтилен пакеттерді пайдалануға ақы төлеуді енгізу оларды қолдануды 30%-ке дейін азайтады.

Атап айту керек, Magnum, Kenimart, Smaal және Анвар секілді сауда желілері бұл бастаманы қолдап отыр және оны іске асыруға кіріседі.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық