Полицияның идеологиясы мен мәдениеті өзгереді

1 Қараша 2021, 12:04
2286
Бөлісу:
Полицияның идеологиясы мен мәдениеті өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк «Полицияның сервистік моделі қауіпсіздікті нығайтудың негізі» туралы брифингте айтты.

Алексей Милюк полицияның дәстүрлі қызметтен сервистік модельге көшуі туралы айтып берді.

Бұл үрдістегі ең маңыздысы – біздің қызметкерлердің идеологиясы мен мәдениетінің өзгеруі. Бұл өзгерістерді қажет ететін кеңінен тараған мысал келтірейін. Халықтың полиция туралы көзқарасы жеке байланыс нәтижесінде қалыптасады. Бізде, өкінішке қарай, полиция қызметкерлері азаматтармен байланыста талап қоюы жиі кездеседі. Мәселен, Ұлыбританияда полицияның диалогі «Сізге қалай көмектесе аламын?» сөзінен басталады, - деді Милюк.

Оның айтуынша, бұл одан әрі болатын әңгімелесудің шырайын келтіріп, сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Сондықтан «Лондонда полицияны кездестірсең, қажетті консультациялар мен қауіпсіздікпен қамтамасыз етілген» деген пікір бар. Осы мәселеге өзіміздің қызметкерлерімізді бейімдеп жатырмыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы