Полицейлер жолда қалған жүргізушіні жалғыз қалдырмады

27 Ақпан 2021, 20:07
1468
Бөлісу:
Полицейлер жолда қалған жүргізушіні жалғыз қалдырмады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде тәртіп сақшыларына алғысын білдірген жазбалар көптеп кездеседі. Сондай алғыстардың бірі бірнеше күн бұрын Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ресми парақшасына әлеуметтік желі қолданушыларының бірі алғысын видео арқылы жолдаған еді.

2021 жылдың 24 ақпанында жоспар бойынша Үржар ауданы жергілікті полиция қызметі бөлімшесі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Б.Қадырсызов пен полиция аға лейтенанты А.Дүйсебаев әдеттегідей тасжолды патрульдеуге шыққан. 

Олар аудан орталығынан шыға берісінде тоқтап тұрған көлікті көрген. Қызметкерлер тоқтап тұрған көлікке жақындап, жолаушыдан жөн сұраған, сөйтсе Үржар-Семей бағытындағы жолда «Nissan» көлігінің дөңгелегі жарылып, ауыстыратын қосымша дөңгелегі болмай, сынып тұрғанын айтқан. Өз кезегінде тәртіп сақшылары қас қарайған шақта жолда қалған жүргізушіні қиындықта жалғыз тастамай, бүтін дөңгелек алып келген.

Жолда дөңгелегім сынып, ауыстыратын қосалқы дөңгелегім болмады. Жолда кетіп бара жатқан Үржар ауданының қызметкерлері тоқтап, көмектерін беріп жатыр. Дөңгелек алып келді. Жігіттерге рахметімді айтамын. Жігіттердің өздері жүрді. Жолда қалдырмай, әрқашан көмектесіп жүреді, сол үшін полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз, - дейді көлік жүргізушісі.
Өзгелердің жаңалығы