Бас жаңалықтар
Полицейлер үш күнде борышкерлерден 30 млн теңге айыппұл өндірді – ШҚО
21 Қыркүйек 2021, 07:15 161

Полицейлер үш күнде борышкерлерден 30 млн теңге айыппұл өндірді – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды.

Жедел профилактикалық іс-шарасының үш күнінде мемлекет бюджетіне 29 млн теңгеден астам қаражат түсті, мәжбүрлеп өндіріп алуға 19 млн 808 мың теңге сомасына 1 500 қаулы жіберілді, ал қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұрақтарға 110 автокөлік орналастырылды.

Іс-шара барысында, ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде полиция қызметкерлері облыс орталығында Нұр-сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруындағы HYUNDAI маркалы көлігін тоқтатты, оны тексеру кезінде жалпы сомасы 131 265 теңгені құрайтын «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенімен автоматты түрде тіркелген 8 төленбеген нұсқамасы бар екенін анықтады. Барлық құқық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қойылды, - деді ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров. 


Фото: дереккөз
Загрузка...