Бас жаңалықтар
Польша Президенті коронавирус жұқтырды
24 Қазан 2020, 18:04 197

Польша Президенті коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Польша басшысының баспасөз хатшысы Блажей Спыхальский Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Польша Президенті Анджей Дуда COVID-19 індетін жұқтырғандығы туралы былай деп жазды.

Кеше Президент Анджей Дуде коронавирусқа тест тапсырды. Нәтижесі оң болып шықты. Президент өзін жақсы сезінеді. Біз тиісті медициналық қызметтермен үнемі байланыстамыз, - деп деді ол. 

Айта кетейік, Польшада бүгінгі күнге дейін коронавирус жұқтырғандардың саны 241 946 науқасқа жетті. Олардың ішінде 4 351 адам қайтыс болды. Ал 109 344-і емделіп шықса, 128 251 науқас ем қабылдап жатыр, 911-інің жағдайы ауыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...