Бас жаңалықтар
Пневмониямен ауыратындар қатары төмендемей тұр – Сқақов
07 Шілде 2020, 16:00 200

Пневмониямен ауыратындар қатары төмендемей тұр – Сқақов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Бүгінгі таңда стационарлық режимде пневмониядан 2194 науқас емделіп жатыр. Ауру жеңіл және орташа деңгейде өтіп жатқан науқастар саны - 1644. 58 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған. Маусым айында 721 адам емделіп шықты. Шілде айының басында 300 адам сауықты. Пневмониямен ауыратындар қатары төмендемей тұр. Медицина мен дәрігерлердің алдында тұрған басты мақсат - амбулаториялық режимдегі пневмониямен ауыратын науқастарды стационарға жібермеу. Олар амбулаториялық емханаларда емделіп шығуы керек, - деді ол. 

Әкім провизорлық стационарларға түскен науқастардың жағдайын ушықтырып алмау қажеттігін айтты. 

Ол үшін біз барлық жағдайды жасап жатырмыз. Материалдық-техникалық, дәрі-дәрмекпен қамту, адам ресурстарымен қамтамасыз ету жағдайын қарастырып жатырмыз. Жасанды тыныс алу аппаратын қосып жатырмыз. Стационарлық және амбулаториялық режимде де жағдайды ушықтырмау керек. Бүгінгі жағдай бақылауға келеді, алайда жүктеме жоғары. Біз көрсеткішке қарай жұмыс істеп, босаңсымауымыз керек, - деді әкім.
Бұған дейін өңір әкімі Павлодар облысында жұқпалы індетке қарсы күреске 2,8 млрд теңге бөлінгені мәлім болды.


Фото: дереккөз
Загрузка...