Пневмониядан 16 науқас қайтыс болды

29 Шілде 2021, 09:06
2122
Бөлісу:
Пневмониядан 16 науқас қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ДСМ баспасөз қызметі 2021 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты ұсынды.

2021 жылғы 27 шілдеде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 262 жағдайы және 16 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 121 адам емделіп шықты, - делінген хабарламада.

2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауырғандар - 60280, 3676 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54332 жетті.


Өзгелердің жаңалығы