Pfizer вакцинасының қауіпсіздігіне күмәндануға негіз жоқ - профессор

19 Қараша 2021, 13:29
713
Бөлісу:
Pfizer вакцинасының қауіпсіздігіне күмәндануға негіз жоқ - профессор

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Күләш Құрманова хабарлады. Оның айтуынша, халықты, соның ішінде, жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауды жеделдету қажет.

SARS-CoV-2 жаңа жұқпалы штамдарының пайда болуына байланысты мүмкіндігінше көп қала тұрғындары, соның ішінде кәмелетке толмағандар егілуі керек, - дейді профессор.

Сондай-ақ балаларды, жүкті және емізулі әйелдерді вакцинациялауға қатысты деректер жеткілікті жинақталған деп санайтынын алға тартты. Сондықтан Pfizer компаниясының «Комирнати» препаратының қауіпсіздігіне алаңдауға немесе күмәндануға негіз жоқ.

Сонымен қатар, профессор қаланың «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін де, әсіресе, ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауды жалғастыру қажет екенін еске салды.

Ол коронавирустық пандемия басқарылатын кезде аяқталатынына сенімді. Бұл тек ұжымдық вакцинация және кейінгі ревакцинация кезінде мүмкін.

Вакцинацияның бірінші курсынан кейін 6 немесе 9 айдан кейін ревакцинациядан өту қажет. Антиденелер деңгейі біртіндеп төмендейді, ал үдеткіш вакцина ұзақ уақыт сақталатын жасушалық иммунитетті қосу арқылы олардың айқын қалыптасуына ықпал етеді, - деп кеңес берді профессор.

Ол коронавирустық пандемия әлі де жалғасып жатқанын және инфекцияның жаңа толқындарының болуы мүмкін екенін еске салды. Сондықтан жаппай иммундану қажет.

Өзгелердің жаңалығы