Pfizer вакцинасы қалай салынады?

16 Қараша 2021, 20:00
1344
Бөлісу:
Pfizer вакцинасы қалай салынады?
VIDEO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы «Жанұя» емханасында Pfizer вакцинасын егу  науқаны басталды. Көпшілік ұзақ күткен тегін америкалық екпені алу жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынуда. 

Еліміздің бас қаласы бойынша Pfizer-мен қамтылу тобына жататын 5 мың жүкті әйел, 28 мың бала емізетін ана мен 63 мың жасөспірім бар. 

 Елорда бойынша бір тәулік ішінде Pfizer-ді 339 адам алып үлгерген. Оның ішінде 14 жүкті әйел, 133 – бала емізетін ана және 192 жасөспірім. 

Бүгін ел Үкіметі америкалық вакцинаның коммерциялық нарыққа жеткізілетінін хабарлады. Алдағы уақытта қалаған адам ақысын төлеп, Pfizer-ді салдыра алады деген сөз.


Видео: Ерболат ЛАҚАЙ
Өзгелердің жаңалығы