Pfizer коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы қажеттілігі туралы хабарлады

12 Шілде 2021, 13:40
6754
Бөлісу:
Pfizer коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасы қажеттілігі туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Pfizer және BioNTech компаниялары COVID-19-ға қарсы вакцинаның үшінші дозасының қажеттігі туралы мәлім етті. Олар мәселені шешу үшін жақын арада АҚШ билігі құлаққағыс етеді деп жазды ria.ru.

Ертеректе компания АҚШ пен Еуроодақтың реттегіштері препараттың үшінші дозасы туралы деректерді ұсынуды жоспарлаған болатын. Алайда америкалық медициналық реттегіштер толықтай вакцинацияланған америкалықтар үшін коронавирустың қосымша екпесіне қажеттілік жоқ деп есептейтіндіктерін жеткізген еді.

Фармкомпанияның кездесуіне АҚШ-тың бас инфекционист дәрігері Энтони Фаучи, АҚШ Денсаулық институтының басшысы Френсис Коллинз, COVID-пен күрес бойынша бас ғылыми маман Дэвиж Кесслер қатысады деп күтілуде.

Бұрын Ақ үйдің пандемияны реттеу бойынша үйлестірушісі Джеффри Зинтс телеарнаға берген сұхбатында АҚШ билігі коронавирусқа қатысты вакцинаның бустерлік дозасын пайдалануға дайын екендігін мәлімдеген еді. Ол үшін ғалымдар сәйкес нұсқаулықтар ұсынуы қажет көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы өткен сенбі күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аталған вакцинаны елімізге жеткізуге қатысты пікір білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы