Pfizer компаниясы коронавирусқа қарсы таблетка түріндегі дәрі шығармақ
17 Қараша 2021, 12:00 72

Pfizer компаниясы коронавирусқа қарсы таблетка түріндегі дәрі шығармақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Pfizer америкалық фармацевтика компаниясы БҰҰ қолдауымен Женевадағы дәрі-дәрмек патенттік пулымен COVID-19-ға қарсы таблетка шығару туралы келісімге қол қойды, деп жазды Euronews.соm.

Сейсенбіде жарияланған мәлімдемеге сәйкес, бұл препаратты өндіруге берілген лицензия, аталмыш дәріні әлем халқының 53% тұратын 95 елде шығаруға мүмкіндік береді.

Бастапқыда бұл дәрі-дәрмекті тек қауіп тобында тұрған адамдар үшін қолдану керек деп ойлаймыз. Мақсаты – олардың ауруханаға түсуіне және аурудың ауыр өтуіне жол бермеу. Сондықтан препаратты алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін бірден қабылдау керек, – деді Патенттік пул өкілі Эрве Верхусель.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...