Pfizer вакцинасы кімдерге салынбайтыны белгілі болды
11 Қараша 2021, 15:37 417

Pfizer вакцинасы кімдерге салынбайтыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова хабарлады. Оның айтуынша, вакцина әзірге халықтың тек үш санатына арналған.

Алматыға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы бүгін жеткізілді. Әзірге ол халықтың тек үш санатына: жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған. Алматы үшін вакциналанудың бірінші және екінші компонентінің 46 800 дозасы сатып алынды. Бұл көлем республика халқын жаппай вакциналауды аяқтауға мүмкіндік береді, - деді ведомство басшысы.

Алғашында 16 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер коронавирусқа қарсы егіледі. Содан кейін басқа топтағы балалар - 15, 14, 13 және 12 жастағылар қамтылады.

Бүгінде ата-аналары балаларын вакциналауға келісім берген жасөспірімдердің тізімі жасалды. Күн сайын бұл көрсеткіш тұрақты өсуде. Оқу орнында да, медициналық ұйымдарда да вакцинациялауға болады. Әрбір мектептің медициналық кабинеті бар. Сондықтан мектептерде вакцинациялау мүмкіндігі бар, оны емханалардан көшпелі бригадалардың дәрігерлері жүргізетін болады, - деп түсіндірді Әсел Қалықова.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазірдің өзінде 20-дан астам жүкті әйел вакцинаға қызығушылық танытқаны туралы жазған болатынбыз.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...