Бас жаңалықтар
Pfizer биыл вакцина сатудан $15 млрд табыс табуы мүмкін
03 Ақпан 2021, 08:51 536

Pfizer биыл вакцина сатудан $15 млрд табыс табуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясы биыл коронавирусқа қарсы вакцина сатудан түсетін табысы 15 миллиард долларға жетеді деп болжап отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Өндіруші жыл соңына дейін әлем елдеріне екпенің 2 миллиард дозасын жеткізуге ниетті. Қаңтардың қорытындысы бойынша ол түрлі мемлекеттерді препараттың 94 миллион дозасымен қамтамасыз еткен.

Айта кеткен жөн, америкалық Pfizer немістің BioNTech компаниясымен бірге вакцина жасап шығарған. Бұған дейін ортақ екпені Еуроодақ елдеріне жеткізуге қатысты қиындықтар туындады. Бірақ бірер күн бұрын өндірушілер препарат келісілген мерзімде жеткізіледі деп уәде берді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...