Петров ауыл әкімдерін тікелей сайлау қалай өтетінін айтты

24 Маусым 2021, 11:21
2150
Бөлісу:
Петров ауыл әкімдерін тікелей сайлау қалай өтетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты.

Алдағы сайлау осыған дейінгі барлық сайлаудан өзгеше өтеді. Себебі оларды өткізу құзыреті аймақтық аудан және облыстық сайлау комиссияларына жүктеледі. Бұл деңгейдегі сайлау комиссияның құзыретіне сайлауды жариялау, қорытынды жүргізу және нәтижені айту кіреді. Әрбір комиссия өзінің құзыреті аясында дербес жұмыс істейді. Олар тәуелсіз және конституциялық заңнама аясында жұмыс істейді, - деді ол.

Петров ауыл әкімдерінің сайлауы бір мезетте өтпейтінін айтты.

Сайлау құзыреттің тоқтатылуы мен мерзімінен бұрын қызметтен кетуіне байланысты болады. Орталық сайлау комиссиясының жұмысы бұл сайлауда әдістемелік және нормативтік қамтамасыз ету болады. Бұл жұмысты біз жүргізіп жатырмыз. Осыған қатысты оқыту семинарлары мен вебинарларын жүзеге асырдық. Бүгінгі отырыста сайлаудың нормативтік қамсыздандыру бойынша ауқымды мәселелерді талқылаймыз, - деді Петров.

Оның айтуынша, кампанияның кезеңі мен оларды ақпараттандыру аудандық және қалалық сайлау комиссияларының құзырында болады.

Өзгелердің жаңалығы