Бас жаңалықтар
Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды
27 Қыркүйек 2020, 03:23 178

Петропавлда жедел жәрдем көлігі аударылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлдың орталық көшелерінің бірінде жедел жәрдем көлігі аударылып қалды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

УАЗ-3962 көлігінің 54 жастағы жүргізушісі Назарбаев көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай қалған. Жедел жәрдем қоршауды соғып, медицина орталығының дәл алдына барып аударылған. Сараптама қорытындысына сенсек, жүргізуші алкоголь ішімдік ішпеген. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.
Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізушіге алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген соң, ол үйіне жіберілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...