Петропавлда жартылай фабрикат тұтынған тұрғынның тіліне ине қадалды

8 Ақпан 2019, 21:18
2532
Бөлісу:
Петропавлда жартылай фабрикат тұтынған тұрғынның тіліне ине қадалды

Солтүстік Қазақстан, «BAQ.KZ» тілшісі. Петропавлда жартылай фабрикат тұтынған тұрғынның тіліне ине қадалып, ауруханадан бірақ шыққан. Ольга Белякова сиырдың етінен жасалған тағамды «Океан» сауда үйінен сатып алған.

Ольга Борисовна жартылай фабрикатты түскі асқа сатып алса керек. Сиыр тілінің бір тілімін ауызына салып жіберіп, өз тілін жарақаттап алған әйел ауруханадан бірақ шыққан.

«Түсте тілді турап, дастарқанға қойдым. Балалармен бірге тамақтанып отырдым. Өнімнің бір тілімін аузыма салып жіберіп, тіспен басып қалғанда – тілім кірш ете түсті. Жаным көзіме көрінгендей болды. Аяқ-қолым дірілдеп, қозғала алмай қалдым. Ауруханадан бірақ шықтым. Тілімнен алып шыққан ине – екпеге арналған медициналық иненің басына ұқсайды. Өзім осындай оқиғаға тап боламын деп ойламап едім. Енді түрлі сараптамалар тапсырып, тілімдегі жараны емдеп, біраз сабылуға тура келеді. Бір жағынан бойымды үрей билейді», - дейді Ольга Белякова.

Ине арнайы сараптамаға тапсырылған. Тұтынушы оны жұтып қойса не боларын елестету де қиын. Қазір Ольга аурухана табалдырығын тоздырып жүрген көрінеді. Жапа шегуші ішкі істер органдарына арызданған. Алайда құзырлы мекеме қылмыс құрамы жоқ екендігін айтқан. Амалы құрыған әйел, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамынан көмек сұраған. «Океан» дүкенінің сатушысынан мардымды жауап алу мүмкін болмады. Саудагер өнімді жеткізушілер жайында да тіс жармады.

«Өнімді жеке тұлғадан аламыз. Цех бар-жоғын білмеймін», - деді телефон арқылы қысқа қайырған ол.

«Тауардың сертификаты, түбіртегі де болмай шықты. Қайда әзірленетіні де белгісіз. Біздің ұйым заң бойынша әрекет етеді. Сотқа беріп, моральдық шығын талап етеміз. Жапа шегуші денсаулығы үшін алаңдайды», - дейді тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы Надежда Дубовая.

Ішінен ине шыққан өнім – қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің зертханасына тапсырылған. Ольга Белякова сауда нүктесін сотқа бермек.

Эльмира Кәленова

 

Өзгелердің жаңалығы