Петропавлда жалғыз басты кейуананы көршілері құтқарып қалды

8 Наурыз 2019, 16:21
1188
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Петропавлда 87 жастағы кейуана құтқарылды, деп хабарлады «Хабар 24».


ТЖД-нің дерегінше, зейнеткер бес күн бойы далаға шықпаған. Оған алаңдаушылық білдірген көршілері құтқарушыларды шақырыпты.

Белгілі болғандай кейана диабеттің ауыр түрімен ауырады екен және ол приступ берген. ТЖД қызметкерлері зейнеткердің терезесі арқылы пәтерге еніп, оған алғашқы көмек көрсеткен. Құтқарылған Эмма әжейге «диабетті кома» диагнозы қойылып, бірден емханаға жеткізген.
Өзгелердің жаңалығы