Петропавлда үш тілді республикалық дебат турнирі өтті

11 Қараша 2019, 21:06
3395
Бөлісу:
Петропавлда үш тілді республикалық дебат турнирі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде "Тәуелсіздік – тарихтың төл тартуы" атты ІV Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Дәстүрлі шешендік өнер додасы биыл британ парламеттік форматында ұйымдастырылды. Оған ойы жүйрік, тілі шешен жастардан құралған 40-тан астам құрама бас қосып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сайысты.

Биыл республикалық пікірсайыс турнирі әдеттегідей студенттердің емес, мектеп оқушыларының арасында өтті. Қарағанды облысының намысын қорғап келген Эльвира Сатмаханованың дебатқа қатысып жүргеніне 3 жыл. Ол туған қаласы Теміртауда өткен бірнеше доданың, облыстық және республикалық сайыстардың жеңімпазы. Оқушының пікірсайыс турниріне қатысу үшін алдымен терең білім қажет екендігін айтады.

Дебат – көзқарасымызды өзгертеді. Көптеген өзекті мәселелердің шешімін іздейміз. Және біз проблемаға экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан қараймыз. Қазақстандағы және шетелдердегі әлеуметтік жағдай көтеріледі. Біз енді екі де позицияны ұстана береміз.  Бірақ өзімізге көбірек пайда әкелетіні әлеуметтік жағдайды көтерген жақсы, - дейді сайысқа қатысушы.

Оқушылардың шешендік өнеріне баға беру – қалыптасқан дәстүр бойынша өткен жылдардың жеңімпазына беріледі. Биыл 2017 жылдың дүлділі, ұтқыр ой мен ұшқыр сөздің иесі Абылай Боранбай қазылық етті.

Пікірсайыс ойыны ол адамдардың бойында интеллектті қалыптастыратын болса, біз әрдайым төреші ретінде олардың ойы қаншалықты  логикалық түрде дұрыс екендігін, қаншалықты шынайы ақпарат екендігін негізге ала отырып шешімдер қабылдаймыз. Дебатта жеңіу үшін әрқашанда оқу керек, - дейді Абылай Боранбай.  

Пікірсайыстың  бұл жолғы ерекшелігі ол  Британ Парламенттік форматта өтуі. Сонымен қатар қатысушылар талдайтын тақырыпты турнирдің басталуына 15 минут қалған кезде біледі.

Біз оқушылардың арасындағы шешендік өнерге деген қызығушылықты арттыра аламыз деп есептеймін. Және де болашақта кез-келген аудиторияның алдында өзін сенімді ұстауға, өзінің ойын толық және анық жеткізе алуға мүмкіндігі туады. Биылғы турниріміз дәстүрлі боғанымен, ерекшеліктерге толы. Биыл пікірсайыстың тарихында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жан қатысып жатыр. Әрине бұл біздің қоғамның көзқарасының дұрыстығын дәлелдейді, - дейді сайысты ұйымдастырушы Бақытжан Тұрсынов.
Сайыс қорытындысы бойынша қазақ лигасында бас жүлдені Семей және Петропавл қаласының оқушыларынан құралған "Империя" командасы иеленсе, жекелей сында Семей қаласының оқушысы "Үздік спикер" атанды. Турнир жеңімпаздары кубок және бағалы сыйлықтармен  марапатталды.


Өзгелердің жаңалығы