Петропавлда саяжайларды күзету жұмысы күшейтiледi 

3 Маусым 2019, 21:31
1711
Бөлісу:
Петропавлда саяжайларды күзету жұмысы күшейтiледi 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкiмдiгiнiң отырысында саяжайларды дамыту мәселесi талқыланды. Қазiр Петропавлда 136 саяжай бiрлестiгi бар, олар 47 мың саяжай учаскесiн бiрiктiредi. Демалыс күндерi саяжайларға 20 мың адамға дейiн барады, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов саяжайларда қордаланып қалған мәселелердi көтердi. Ең бiрiншiден күзеттi күшейту керек дейдi өңiр басшысы.

«Тұрғындардан өсiрген көкөнiстерi ұрланады деген ақпарат аламыз. Қазiр саяжайларда екi ат полициясы және автопатруль жұмыс жасайды. Ол жеткiлiксiз. Полиция департаментiнiң басшылығына күзеттi 3 есе көбейтуге тапсырма беремiн», - дедi аймақ басшысы.

Қазiр саяжайлардың 30 пайызында су жоқ. Облыс әкiмi осы мәселенi қала басшылығына шешудi тапсырды. Саяжай бiрлестiктерiнiң 37 пайызы электр желiсiне тiркелмеген. 

«Биыл 1200 учаске электр қуатына қосылады», - дедi Құмар Ақсақалов.

Саяжайларда өскен өнiмдi 9 базарда сатуға болады. Оған 300 орын дайындалмақ.


Өзгелердің жаңалығы