Бас жаңалықтар
Петропавлда саунада өрт шықты
PHOTO
23 Шілде 2021, 13:34 265

Петропавлда саунада өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  23 шілде күні сағат 00:53-те 101 кезекші пультіне Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы сауналардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға орнына үшінші жоғары шақырту бойынша өртке қарсы қызмет гарнизонның күштері мен құралдары дереу жіберілді. 


Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың екінші қабаты мен шатыры жанып жатты. Қою түтін мен келу жолдарының болмауы өрт сөндіру жұмыстарын қиындатты. Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт жақын маңда орналасқан ғимараттарға тараған жоқ, - делінген хабарламада.

Өрт сағат 04:25-те ауыздықталып, таңғы сағат 5-те сөндірілді. Аумағы 500 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі мен келтірілген залал анықталып жатыр.


Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің 87 қызметкері мен 17 бірлік техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 8 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.


Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін, әсіресе электр жабдықтары мен ашық отты пайдалану кезінде, темекі шегу кезінде қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...