Бас жаңалықтар
Петропавлда мас жүргізуші баланы қағып кетті
12 Наурыз 2019, 14:42 1170

Петропавлда мас жүргізуші баланы қағып кетті

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда алдында кетіп бара жатқан көлікті басып озбақ болған мас жүргізуші автобус аялдамасына кіріп кеткен. Қоғамдық көліп күтіп тұрған адамдар ауруханадан бірақ шықты. Арасында 5 жасар бала бар.

Жол көлік оқиғасы Сәтбаев көшесінде болған. 49 жастағы жүргізуші тізгіндеген BMW маркілі автокөлік аялдамада тұрған 63 және 61 жастағы екі зейнеткер мен баланы соққан. Зардап шегушілер дереу ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық жәрдем алғаннан кейін үйлеріне жіберілген. Қазір үшеуі де дәрігер бақылауында. Медициналық куәландыру актісі жүргізушінің масаң күйде болғанын көрсетті.

«Қызылжар жолдарында наурыздың 7-і мен 10 аралығында 1084 жол ережесін бұзу фактісі тіркелді. Оның ішінде 565-і «өрескел» құқықбұзушылық санатында. Көлікті басқару куәлігінен айрылған 13 жүргізуші ұсталды, апаттық жағдай туғызғаны үшін 11 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, мас күйде көлік жүргізген 9 жүргізуші ұсталған», - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстанда жол қозғалысы ережесін бұзған 17 мың жүргізуші жауапкершілікке тартылған. 217 адам көлікті мас күйде басқарған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық