Петропавлда Құрбан айт мерекесінде ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті

11 Тамыз 2019, 16:35
1917
Бөлісу:
Петропавлда Құрбан айт мерекесінде ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесін петропавлдықтар да қуана қарсы алды, деп хабарлады «Хабар 24».

Береке-бірліктің бастауына айналған ұлық мейрамға орай, қалалық «Қызылжар» мешіті маңында ақшаңқай киіз үйлер тігілді. Осылайша келген жұртшылыққа дастархан жайылып ас берілді. Мұнымен қоса, ұлттық ойындарымыз да ұлықталды. Нақтырақ айтсақ, жұртшылық асық ату, «кір тасын көтеру», арқан тарту және қазақ күресі сынды жарыстарға қатысып, өз бақтарын сыналы. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

"Пайғамбарымыз айтқандай, құрбандарыңызды бір бөлігін өздеріңізге алып қалыңыздар, бір бөлігін қонақ шақырып құрмет қылыңыздар. Және бір бөлігін мұқтаждарға да үлестіріп беріңіздер дейді. Міне сол сияқты қазіргі уақытта халық осы үштен бір бөлігін үлестіріп жатқан жағдай бар. Олар да қазір мешітке әкеліп беріп жатыр. Бізде халықты жинап мұқтаж жандар, әсіресе көп балалы отбасылар бар тұрмысы төмендері бар. Арнайы соларды шақырып, құрбан етінен де үлестіреміз", - деді қалалық «Қызылжар» мешітінің бас имамы Қасымхан Исаев.
Өзгелердің жаңалығы