Петропавлда көшеде асхана пышағымен жүрген мас жігіт ұсталды

6 Маусым 2020, 11:08
1761
Бөлісу:
Петропавлда көшеде асхана пышағымен жүрген мас жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұландықтар Петропавл қаласында асхана пышағымен жүрген мас жігітті ұстады.

5 маусым күні кешкі сағат 19:15 шамасында Ұлттық ұлан әскери жасағы Жамбыл көшесі бойында асхана пышағымен жүрген мас жігітті ұстады. Жасақ бастығы қатардағы Юрий Белоусов, патрульдеуші қатардағы Нейман Әбен және Бексұлтан Бекмұрзаев көшеден дөрекі сөйлеп, қолындағы пышағын жан-жағына сілтеп келе жатқан мас жігітті байқап қалады. Бұл әрекетін тоқтатып, полиция бөлімшесіне жүруін сұраған әскери жасаққа бұзақы қарсылық көрсеткен. Осы орайда ұландықтар жекпе-жек ұрыс тәсілін қолданып, бұзақының қолындағы суық қаруды алып, кісен салған, - делінген хабарламада. 
Тәртіп бұзушының мұндайға неліктен барғанын анықтау мақсатында ол Петропавл қаласындағы полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Өзгелердің жаңалығы