Петропавлда көлік тонаушылар тобы құрықталды

18 Қаңтар 2019, 16:42
2373
Бөлісу:

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда жүк көліктерінің аккумуляторларын ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ құрықталды. Баукеспелер меншік иелеріне жарты миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Соңғы кездері полиция қызметіне жүк көліктерінің аккумуляторлары жоғалғалғандығы жайында түсетін арыз көбейген. Тіркелген 5 эпизодта да Петропавлдың өндірістік аумағындағы көліктердің қосалқы бөлшектері қолды болған.

«Ұрлық болған жерлердің ешқайсысында бақылау камералары орнатылмаған. Күзетшілердің қарамағындағы аумақ тым үлкен болған. Барлық мекемелердің басшылары осындай қауіпсіздік шараларын ескерсе жақсы», - дейді полиция полковнигі Балабек Жахин.

Күдіктілердің үшеуі де бұрын сотталған, 20-90 жас аралығындағы жігіттер. Бұған дейін де ұрлық жасағандары үшін жазаланған. Қылмыстық топтың «олжалаған» заттарының бір бөлігі тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Қазір аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Эльмира Кәленова
Өзгелердің жаңалығы