Бас жаңалықтар
Петропавлда  инфекция тіркелген мекенжайлар жарияланды
02 Сәуiр 2020, 07:04 123

Петропавлда инфекция тіркелген мекенжайлар жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда коронавирус инфекциясы тіркелген мекенжайлар жарияланды, деп хабарлайды Петропавловск.news.


Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Руслан Әлішевтің ақпараты бойынша, 1 сәуірде сағат 23:00-де облыста коронавирустық инфекцияның бес мекенжайы тіркелген.

Петропавлда төрт мекенжай (Н. Назарбаев көшесі, 270, Парковая көшесі, 121, Хименко көшесі, 1 және Карима Сутюшева көшесі, 17) және Тайынша ауданындағы Келлер ауылында бір індет тіркелді. 
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында коронавируспен ауыратын бес науқас тіркелген. Анықталған соңғы екі жағдай 1 сәуір күні кешке белгілі болды.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасында мәліметінде айтылғандай, бұл 1971 және 1975 жылы туылған Петропавл қаласының тұрғындары. Екеуі де вирус жұқтырған қала тұрғынымен байланыста болған. 


Үшеуі де бір мекемеде жұмыс істейді. Әйелдер үйде карантинге алынды. Тексерулер расталғаннан кейін олар жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық. Олардың үйлеріне дезинфекция жүргізілді. Байланыста болған адамдары анықталуда, - делінген хабарламада.


Фото: дереккөз
Загрузка...