Петропавлда ер адам әскерилерге қоқан-лоққы көрсетті

20 Сәуір 2021, 18:37
2140
Бөлісу:
Петропавлда ер адам әскерилерге қоқан-лоққы көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің сарбаздарына ер адам келіп, такси шақыртуын талап етеді.

Өктемдікпен бұйыра сөйлеген азаматқа әскери жасақ бастығы Ұлан Кәрібаев бұл қызметтің міндеттеріне кірмейтінін айтып, таксиді өзі шақыруына кеңес береді. 

Айтқаны орындала қоймағанына ашуланған адамның оқыс әрекеті ұландықтарды сақтандырғандай болды. Көзді-ашып жұмғанша, әлгі адам қолындағы бөтелкесін қоқыс жәшігіне бір ұрып сындырады да, өзінің екі қолын оның сынығымен кескілей бастайды, - делінген Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жауынгерлер тыныштандырмақ болған кезде ол одан сайын ашуға булығып, әскерилерге бас салады. 

Ұландық сарбаздар жекпе-жек тәсілдерін қолдана отырып, қауіпті шабуыл жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция қызметкерлеріне табыстады.

Өзгелердің жаңалығы