Петропавлда "Екі диплом" жобасы жүзеге асырылмақ

27 Ақпан 2020, 04:25
2106
Бөлісу:
Петропавлда "Екі диплом" жобасы жүзеге асырылмақ

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мен Якутия мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясы екіжақты меморандумға қол қойды. Қос тарап арасындағы арнайы бағдарлама бойынша білім алған студенттер екі жоғары оқу орнының дипломына ие бола алады.

"Екі диплом" бағдарламасы бойынша СҚМУ-дің Агротехнологиялық факультетінің сутеденттері мен магистранттары білім ала алады. Сондай-ақ Якут мемлекеттік академиясының студенттері де дәл осындай құқыққа ие.

Петропавлға шетелдік жоғары оқу орынының ректоры Иван Слепцов бастаған делегация келді. Шетелдік мейман екіжақты келісімнің маңыздылығына тоқталды. Ол Солтүстік Қазақстан облысы аграрлық аймақ саналатындықтан, сапалы мамандар даярлау мәселесіне баса мән берілетіндігіне сенімді екендігін жеткізді.

JPG-7702.jpg

Бізді ғылым саласында тәжірибе алмасу мәселесі қызықтырады. Бүгін студенттерге екі диплом беру жөнінде келісім жасадық. Бұл біздің студенттерге қазақстадық диплом алуға мүмкіндік береді. Бұл біздің дамуымызға тың серпін беретініне сенімдімін, – дейді ол.
Якутия мемлекеттік ауылшаруашылығы академиясы – Ресейдің солтүстік- шығысындағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Ол РФ-ның 5 өңірін қамтиды. Саха Республикасында 200 мың бас жылқы мен дәл осынша бұғы өсіріледі. Сондықтан делегация өкілдері мал шаруашылығы саласында тәжірибелік база мықты екендігін атап өтті. Шетелдік жоғары оқу орны Қазақстан студенттері үшін 5 білім грантын бөлуге әзір.
JPG-7748.jpg

Жыл сайын солтүстікқазақстандық студенттер бір семестр бойы шетелдік жоғары оқу орнында білім алады. Якут студенттері дәл сондай мерзімге Петропавлға келеді. Оқытушылардың бір-бірімен тәжірибе алмасуы да қарастырылған.

Әріптестік аясында егін, мал шаруашылығы және экономикалық бағыт бойынша мамандар даярланады. Болашақ талапкерге екі диплом алуға болатын бағыттар ұсынылады. Суденттер 4 жыл бойы екіжақты бағдарлама бойынша білім алады, – дейді СҚМУ-дің Агротехнологиялық факультетінің деканы Алтын Шаяхметова.
JPG-7790.jpg
Виктория Андреева Якутиядан Петропавлға жарты жылға келіпті. Ол өзі білім алып жатқан бағдарлама зор мүмкіндік беретінін атап өтті.
Мен орман шауашылығы бөлімінде оқимын. Ауа райы Якутиянікімен өте ұқсас. Сондықтан суықтан қорықпаймыз. 6 ай оқимыз. Тәжірибеден өтеміз. Мен үшін жаңалыққа толы кезең болатынына сенімдімін, – дейді шетелдік студент.
JPG-7759.jpg

Қазір Якутияда Солтүстік Қазақстаннан барған екі студент тегін білім алып жүр. Оларға айында 5 мың рубль көлемінде шәкіртақы да төленеді. Бағдарлама түлектері оқу орнын тәмәмдағанда Қазақстен мен Ресейдің екі мемлекеттік оқу орнының дипломына ие болады.

Өзгелердің жаңалығы