Бас жаңалықтар
Петропавлда адамның бас миына аса күрделі операция жасала бастады
16 Қаңтар 2021, 08:38 185

Петропавлда адамның бас миына аса күрделі операция жасала бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда кардиологиялық орталықтың дәрігерлерлері инстульттің алдын алу үшін адамның бас миына аса күрделі операцияны жасай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін аталған медициналық мекеменің бірнеше маманы былтыр арнайы оқытудан өткен. Оның үстіне емханаға соңғы үлгідегі ангиограф қондырғысы орнатылды. Бұл құрылғының 3D және 4D модельдеу функциясы бар. Осының арқасында ол мидағы тарылып қалған қан тамырларын дәл анықтайды.

Айта кету қажет, аталған операция наркозсыз әрі тіліксіз жасалады. Оның үстіне науқастар бірнеше күннен кейін ауруханадан шығарылады. Бұрын солтүстікқазақстандықтар осындай отаны жасату үшін Нұр-Сұлтан қаласы мен көрші Ресей елдеріне баратын. Енді алысқа сабылудың еш қажеті жоқ. Жалпы айта кету қажет, аталған өңір елімізде инсультқа шалдыққандар саны бойынша көш бастап тұр.

Мида артериялардың бітеліп қалуынан адам инсульт алады. Біз бұл операция арқылы сол тромбты алып тастаймыз. Сонда қанайналу жүйесі қалпына келеді. Ерекшелігі, сол науқас 2-3 күннің ішінде тұрып, жүріп кетеді. Бұрын мұндай операциялардан кейін науқастарға тіпті мүгедектік санаты берілетін. Ал қазір олар еш уайымсыз жұмыстарына орала алады, - дейді облыстық көпбейінді аурухана бас дәрігерінің бірінші орынбасары Асхат Молжігітов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...