Бас жаңалықтар
Петропавлда 60 аула жөнделеді
15 Мамыр 2019, 11:44 145

Петропавлда 60 аула жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда ауқымды абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Биыл Петропавлда 500 млн теңгеге 60 аула жөнделмек. 

Облыс әкімдігінің бапасөз қызметінің хабарлауынша, аулаларда 60 балалар алаңқайы, 10 жаттығу кешенi және 10 шағын футбол алаңы пайда болады. Жөндеу жұмыстарының барысымен өңiр басшысы танысып, тұрғындармен тiлдестi.

«Бiз биыл аулаларды жөндеу жұмыстарын мейлiнше көп жүргiзуiмiз керек. 3 жылда 360 аула жөнделдi. Бұл мақсатқа 500 млн теңге бағытталды. Негiзгi аулаларды биыл аяқтаймыз. Ең бастысы тұрғындар бәрiн қадағалау керек. Егер жөндеу кезiнде кемшiлiк болса, телефонға түсiрiп, тиiстi органдарға жiберiңiздер», - деп тұрғындарға үндеу тастады облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Облыс орталығының шеткерi аудандарында да жол жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде. Қиыршық тас төсеу жұмыстары Жұмысшы кентiнде атқарылуда. Қала бойынша бұл жұмыстар 15 көшеде жүргiзiлмек.



Фото: дереккөз

Сізден жаңалық