"Нұр-Сұлтан – Петропавл" жолын жаңарту жұмыстары күзде аяқталады

18 Мамыр 2020, 22:33
1164
Бөлісу:
"Нұр-Сұлтан – Петропавл" жолын жаңарту жұмыстары күзде аяқталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Нұр-Сұлтан – Петропавл - Көкшетау" автомобиль жолының 282-289 шақырымдары аралығындағы учаскені жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Жоба бойынша жол учаскесі үшінші санаттан төрт жолақты 1-б техникалық санатына ауыстырылады. 

Биылғы жол-құрылыс маусымында бас мердігер "Казахдорстрой" ЖШС жолдың 6 шақырымында оң жақ бөлігінде жабынды қабаттарын, 6,5 шақырымында жолдың сол жақ бөлігінде қиыршық тасты – мастикалық асфальт-бетоннан жасалған жол жабындының жоғарғы қабатын төсеуі тиіс. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мұнда 69 жаңа жол белгісі, металлдан жасалған тосқауылдық қоршаулар орнатылып, жол беті таңбаланады - делінген ИИДМ таратқан ақпаратта.

Өткен жылы жол учаскесінің 6,5 шақырымында бір бағыт бойынша ірі түйіршікті асфальт-бетоннан жасалған жол жабындысының төменгі қабаты төселіп, 10 су өткізу құбыры салынды. Ұзындығы 3 шақырымды құрайтын қардан қорғайтын дуал орнатылды. 

Учаскедегі жұмыстарға 120 адам және 39 жол-құрылыс техникасы жұмылдырылған. Жұмысқа тартылған азаматтардың 60% – жергілікті тұрғындар. Жұмыс қазіргідей қарқынмен жүргізілген жағдайда нысан жоспарланған мерзімнен бұрын, яғни 2020 жылдың күзінде пайдалануға беріледі.

"Нұр-Сұлтан - Петропавл" тасжолының жалпы ұзындығы - 324 шақырым.

Өзгелердің жаңалығы