Петропавл әуежайы жабылуы мүмкін

15 Қыркүйек 2020, 00:30
1230
Бөлісу:
Петропавл әуежайы жабылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл әуежайынан бірқатар ереже бұзушылық анықталды. Егер олар бір ай ішінде жойылмаса, әуежай жабылуы мүмкін, деп хабарлайды ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары 9-11 қыркүйек аралығында Петропавл халықаралық әуежайын тексерді.

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру барысында мамандар әуе кеңістігін пайдалану және ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз ету, ұшуларды электржарықтехникалық қамтамасыз ету, ұшуларды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету бөлігінде авиация қызметі туралы заңнама талаптарының бұзылуын анықтады. 

Тексеру аяқталған күннен бастап бір ай ішінде заңбұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы инспекторлық нұсқама берілді, - деді комитет мамандары.


Өзгелердің жаңалығы