Петропавл қаласы карантинге жабылады

31 Наурыз 2020, 11:43
3505
Бөлісу:
Петропавл қаласы карантинге жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірден бастап СҚО Петропавл қаласы карантинге жабылады. Бұл жайында облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді.

Қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан мәселеге байланысты барлық маңызды жағдайды ескере отырып, 1 сәуір сағат 00:00-ден бастап Петропавл қаласында карантин жарияланады, - деді Құмар Ақсақалов.
Петропавл қаласы маңына блок-бекеттер қойылды. Тұрғындардың кіріп-шығуы тек қана қажеттілік туындаған кезде ғана жүзеге асырылады. Құжаттарды тексеруден басқа сауалнама мен санитарлы бақылау жүргізілетін болады. 

Сонымен қатар, облыс аудандары да карантиндік режимде болады.
Басқа да отбасылық мерейтойларға қатаң тыйым салынды. Әуежай мен теміржол бекеттері жабылды. Соған байланысты билеттер сатылмайды. Балабақшалар жабылды. 65-тен асқан тұрғындарға себепсіз үйден шығуға болмайды.  Басқа мемлекеттік мекемелер, ауруханалар, құқық қорғау органдары өз қызметтерін атқара береді. Басқа саланың қызметкерлері мүмкіндік болса қашықтан жұмыс істейтін болады, - деді облыс әкімі. 

Қазіргі таңда қаланың ішінде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.
Өзгелердің жаңалығы