Петропавл көшелерін су басты

17 Қаңтар 2019, 18:45
1910
Бөлісу:
Петропавл көшелерін су басты

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Көше бұзақылары Петропавл тұрғындарын әуреге салды. Белгісіз біреулер Жамбыл және Порфирев көшелерінің қиылысында орналасқан жылу құбырының кранын ашып кеткен. Салдарынан аталған аумақ шалшыққа айналды.


Ашық қалған краннан бірнеше сағат бойы ыстық су аққан. Көше буға, жол суға толған. Жайсыздықты аңғарған тұрғындар апаттық қызметке хабарласқан.

«Жұмыстан келе жатсам, көше буға айналған. Не болып жатқанын түсінбей қалдым Жақындап келіп қарасам, ыстық су ағып жатыр. Бірден апаттық қызметке хабарладым. Шақыртуға келген мамандар кранды біреулер ашып кеткенін айтты. Көшедегі кранды ашып кеткендердің әрекетіне таң қаламын. Осыдан не ұтты екен? Екіншіден, кранды кез келген адам ашып кетпейтіндей етіп жасау керек қой», - дейді Петропавл қаласының Тұрғыны Еркегүл Есмағұлова.

Петропавл көшелерін су басты

Аққан суды тоқтатып, туындаған жайсызжықтың салдарын жою үшін мамандар 6 сағат бойы жұмыс істеді. 8 адам мен 6 техника жұмылдырылды.

«Мамандар шақыртуға дер кезінде жетті. Күннің суығында біраз қиналғандары рас. Алаңдауға еш негіз жоқ. Олқылық жойылды. Ешкімнің ыстық суға күйіп қалмағаны қуантады», - дейді Петропавл қалалық құрылыс бөлімінің жетекші маманы Ермек Рақымжанов.

Петропавл көшелерін су басты

Қазір апаттық жағдайдың туындау себебі анықталуда.            

Эльмира Кәленова

Фото автор

Өзгелердің жаңалығы