Пешті пайдалану кезінде қандай ережерелді сақтау керек – ҚДСҰО

14 Ақпан 2019, 19:35
6070
Бөлісу:
Пешті пайдалану кезінде қандай ережерелді сақтау керек – ҚДСҰО

Астана, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы тұншықтырғыш газбен уланудың алдын алу үшін пешті пайдалану кезінде қандай ережелерді сақтау керек екендігін айтты.

Пешті пайдалану кезінде қандай ережерелді сақтау керек – ҚДСҰО

- үйіңізді тұншықтырғыш газ бен түтінге сигнал беретін датчиктермен жабдықтаңыз;

- барлық көмір жанып болған кезде ғана (көмірде ешқандай от болмауы тиіс) түтін мұржасын жапқышпен жабуға болады;

- пештің желтартқышын жаппаңыз, өйткені ол оттегінің кіруін азайтады, бұл жанған кезде көміртектің тотығуына және тұншықтырғыш газдың пайда болуына әкеледі.

Пешті пайдалану кезінде өрттің негізгі себептері мыналар болуы мүмкін:

Пеш құрылымының дұрыс болмауы:

- пешті орнатқан кезде тәжірибесі мен білімі жоқ кездейсоқ адамдардың пешті салуына жол бермеңіз. Пеш салған кезде Құрылыс нормалары мен ережелерін қатаң сақтау керек.

Мыналарға жол бермеңіз:

- есіктерінің, түтін мұржаларының "денесінде" бұзылған жерлері, жарықшақтары бар пештерді пайдалануға болмайды;

- пештің күйеден тазартылмаған түтін мұржасын пайдалануға болмайды, бұл күйенің жануына және түтін жүретін жолдарының жарықшақтары арқылы оттың шығуына әкелуі мүмкін (тазалау мерзімділігі - айына 2 реттен сиретпеу керек);

- пештің аузының алдында темір қаңылтыры жоқ пешті пайдалануға болмайды және оған отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды қоюға болмайды;

- пешке немесе оларға жақын жерге жанғыш және тез тұтанатын материалдарды қоюға болмайды;

- бензинді, керосинді және басқа да тез тұтанатын материалдарды, сондай-ақ көлемі жағынан пештің аузын жабуға кедергі келтіретін отынды жағу үшін пайдалануға болмайды;

- пешке арналмаған отынмен пешті жағуға және оны аузын ашып қалдыруға болмайды;

- пешті қыздыруға және оны қараусыз қалдыруға болмайды;

- жас балаларға пеш жағуды және оны қадағалауды тапсыруға болмайды;

- пештің үстінде киім кептіруге болмайды.

Өрт шыққан жағдайда:

1. «101», «112» телефонына өрт туралы хабарлаңыз.

2. Адамдарды (отбасы мүшелерін, көршілерін) көшіру шараларын қолданыңыз.

3. Мүмкіндігінше алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану арқылы өртті сөндіру шараларын қолданыңыз. Егер өз бетімен отты өшіре алмасаңыз, онда тәуекел етпеген дұрыс және орынжайдан шығып кету керек, есікті жауып, өрт сөндірушілердің келуін күту қажет.

Өрт кезінде адамдарды көбінесе ашық оттың әсері емес, улы түтін мен тұншықтырғыш газ өлімге алып келуі мүмкін.

Олардан қорғанатын барлық тәсілдерді біліп, шара қолдану қажет:

– еденге жақындау – онда 15-20 см ауа қабаты қалады;

- дымқыл матамен немесе сүлгімен дем алу;

- түтінге қабырғаның бойымен шығу бағытына қарай еңбектеп жылжу керек.

Үзілді-кесілді болмайды:

- өрт шыққан сәттен бастап және оны өшіргенге дейін балаларды қараусыз қалдыруға болмайды;

- алдын ала өрт сөндірушілерді шақырмай, егер сіз өрт бастала салысымен сөндіре алмасаңыз, өртпен өз бетінше күресуге тыйым салынады.

Зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету

Егер сіз пешпен жылытылатын жеке меншік үйде тұншықтырғыш газбен уланған адамдарды байқасаңыз, автокөлікте (аязда адамдар машинада жылынады және кейде моторды қосып ұйықтап кетеді) немесе басқа жерлерде:

зардап шегушінің таза ауамен дем алуын қамтамасыз ету керек және медициналық жедел жәрдем келгенге дейін жүрек тоқтаған кезде шұғыл көмек көрсету қағидаты бойынша реанимациялық іс-шараларды жасауға кірісу қажет.

Өзгелердің жаңалығы