Пешпен жылытуды пайдалану ережелері қандай? – ТЖМ ескертеді

16 Қыркүйек 2021, 14:37
2413
Бөлісу:
Пешпен жылытуды пайдалану ережелері қандай? – ТЖМ ескертеді

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы Ерлан Төрегелдиев хабарлады. Оның айтуынша, азаматтарға күннің суытуына байланысты пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындау қажет.

ТЖМ тұрғындарды пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде мына жайттарды есте ұстаған жөн:

1) жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға;

2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы параққа орналастыруға;

3) қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

4) отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен және газбен жағуға;

5) үй-жайларда жиналыстар және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде пештерді жағуға;

6) пештерді қыздыруға;

7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтіндіктердің бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге;

8) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды (жапқыштарды) пайдалануға;

9) диаметрі 15 мм кем саңылауы бар жапқыштарды пайдалануға жол берілмейді;

10) желдету және газ каналдарын мұржалар ретінде пайдалануға;

11) ақаулары, жарықтары және саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға жол берілмейді.

Жылыту құралдарын дайындау кезінде туындайтын мәселелер бойынша кеңес алу үшін азаматтар ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне жүгіне алады.

Өзгелердің жаңалығы