Тараздағы перзентханада жемқорлықпен күрес акциясы өтті

8 Мамыр 2019, 08:57
1914
Бөлісу:
Тараздағы перзентханада жемқорлықпен күрес акциясы өтті


Тараз, BAQ.KZ тілшісі. «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясындағы акция Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында өтті. Бұл шара тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған.

Акция барысында перзентханада босанған және жүкті аналар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әр әйелге үнқағаздар мен ақпараттық парақшалар таратылып, шараның мән-маңызы айтылды. Олар әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне кездескен жағдайда парақшада жазылған мекенжай мен байланыс телефондарына хабарлауына болады.

Бұдан өзге, парақшаларға QR код белгілері де орнатылған. Бұл код өте оңтайлы, сонымен қатар барлық ұялы байланыс телефондары арқылы қолжетімді.

«Біздің ақпараттық насихат тобымыз осы секілді тұрмыстық парақорлыққа жол бермеуге бағытталған акцияларды жалғастыра берметін болады. Ұжымымызға орталықтағы емделушілер ризашылықтарын білдіруде. Өйткені, көпшілікке қандай жұмыстар атқарып жатқанымызды жеткіздік. Әйелдер тұрмыстық сыбайластық деректері анықталған жағдайда, хабарлауға уәделерін берді», - дейді «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Қайрат Меклисов.

Гауһар Дәулет есімді жас ана перзентхана әкімшілігінің қайта өздеріне сыйлық жасап жатқанын айтты.

«Дәрігерлер жиі-жиі келіп хал-ахуалымызды, денсаулығымызды біліп тұрады. Дәрі-дәрмек қобдишасын, бастапқы жөргектерімізді тегін таратты», - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы