Бас жаңалықтар
Перуашев бопсалаушыларға қатысты Маминге бар шындықты жайып салды
02 Желтоқсан 2020, 14:48 3035

Перуашев бопсалаушыларға қатысты Маминге бар шындықты жайып салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев мониторингтік топтардың жетекшілері кәсіпкерлерді қорқытып, тұрақты «алым-салық» жинайды деген ақпарат тарап жатқанын айтты. 

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» партиясының төрағасы Премьер-министр Асқар Маминге сауал жолдап, мониторингтік топтардың жұмысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бақылауға алуы қажеттігін айтты.

Өңірлердің кәсіпкерлері мониторингтік топтар шенеуніктердің туыстарына тиесілі мейрамханалар мен клубтарды айналып өтетіндігін хабарлады. Оларды еш тексермейді. Мұндай мекемелер барлық карантин кезеңінде еш кедергісіз және тәулік бойы жұмыс істейді, - деді депутат.

Оның айтуынша, мониторинг топтарының басшылары кәсіпкерлерді бопсалап, ірі көлемдегі айыппұлдармен қорқытып, тұрақты «алым-салық» жинайды екен деген ақпарат тарап жатқанын жеткізді. 

Кейбір жағдайларда 50 мың теңге көлемінде апталық тариф енгізілген. Егер ірі қалалар мен облыс орталықтарында, шамамен,1-2 мың қоғамдық тамақтану орны мен басқа да қызмет көрсету нысандарының бар екенін ескерсек, әрбір қалада тексерушілердің «рентасы» бір айда 100 миллион теңгеден асуы мүмкін. Ал бұл ауыртпалықтың барлығы онсыз да қиын жағдайға тап болған орта және шағын бизнес иелеріне түседі, - дейді Азат Перуашев.
Оның айтуынша, «алым-салықты» төлеуден бас тартқан кәсіпкерлерге айыппұл салынып, БАҚ қатысуымен демонстрациялық тексеріс жасалады екен.
Сонымен қатар, өкілеттіктер, процедуралар және тіпті бақылау топтарын құру нақты реттелмеген. Атап айтқанда, кәсіпкерлік кодексте тексеруді кәсіпкерлік тексерілетін аймақтағы уәкілетті орган жүзеге асыруы керек делінген. Яғни, эпидемиологиялық талаптарды тексерген кезде оны СЭС басқаруы керек. Алайда Алматыда санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандарына мониторингтік топ жұмысына қатысуға тыйым салынған. Демек, барлық тексеріс заңсыз жүргізіледі. Біз тәртіп бұзушыларды қорғамаймыз. Бірақ заңды қатаң сақтауды талап етеміз. Себебі пара беру арқылы тексерістен құтылған орындар қауіпсіздік шараларын сақтамай, жұмыс істейді. Сөйтіп, инфекцияны тарату ошағы болып қала береді. Ондайда мониторингтің нәтижесі де болмайды, - дейді депутат.
«Ақ жол» партиясының фракциясы Үкіметтен мыналарды талап етеді:

Заңнамаға сәйкес мониторинг топтарының қызметін, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау шараларын бірыңғай реттеуді мүмкіндігінше жеделдету;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне мониторинг топтарының қызметін ерекше бақылауға алу, кәсіпкерлерден бопсалау мен жүйелі түрде «алым-салық» жинауды анықтау және жолын кесу, мониторинг топтарының мүшелерін, оның ішінде қоғам қайраткерлерін мемлекеттік бақылау функцияларын орындауға байланысты сыбайлас жемқорлық жауапкершілікке тартылатын адамдар тізіміне енгізу;




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...