Бас жаңалықтар
Пентагон Трамптың кез келген бұйрығын орындауға дайын
02 Мамыр 2019, 08:57 409

Пентагон Трамптың кез келген бұйрығын орындауға дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ведомствода Венесуэла билігінің бейбіт, демократиялық жолмен ауысуына дипломатиялық шараларды қолдайтынын хабарлады.

korrespondent.net агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Қорғаныс министрлігі Дональд Трамптың Венесуэлаға қатысты барлық үкімін орындауға дайын. Мұнымен қоса республикадағы биліктің бейбіт, демократиялық жолмен ауысуына байланысты дипломатиялық шараларды қолдайды. Бұл туралы АҚШ Оңтүстік қолбасшылығының басшысы адмирал Крейг Фоллер мәлімдеді.

«Біз Венесуэладағы жағдайды бақылап отырмыз және біздің жоғары басшымыз ұсынатын кез келген нұсқаны қолдауға дайынбыз. Аймақтағы серіктестерімізбен жұмысты жалғастырамыз және биліктің бейбіт, демократиялық жолмен берілуі үшін дипломатиялық шараларды толық қолдаймыз», - деді адмирал.


Загрузка...

Сізден жаңалық