Бас жаңалықтар
«Педагог мәртебесі туралы» Заң: Артық есеп талап ету фактілері анықталды - Көбенова
12 Қазан 2021, 19:20 11609

«Педагог мәртебесі туралы» Заң: Артық есеп талап ету фактілері анықталды - Көбенова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова «Педагог мәртебесі туралы» Заңы аясында қандай факті анықталғанын айтты.

«Білім туралы» Заңға толықтырулар енгізілгеннен бері жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бақылау агенттіктерінің бірі болды. Сонымен бірге «Педагог мәртебесі туралы» Заңының қабылдануымен де тиісті толықтырулар енгізілді.

Қазіргі таңда аймақтық департаменттер мониторинг пен білім беруді басқарудың 216 органын, оның ішінде 17 білім басқармасы мен 199 білім бөлімін қамтыды. Қолданыстағы заңнама аясында жергілікті атқарушы билік органдарының құзыретіне кіретін мәселелер қарастырылды. Соның ішінде «Педагог мәртебесі туралы» Заңның орындалуы, білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің қағидаларының бекітілуі, оқулықтар сатып алу және оны жеткізу жіне басқа, - деді ол.

Мониторинг қорытындысы білім беруді басқару органдарының қызметінде заң бұзушылықтардың бар екенін көрсетті.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңның бұзылуы бойынша тіркелді. Артық есептілікті талап ету фактілері анықталды. Білім беру ұйымдарына 526 сұрау жіберілген. Басым бөлігі Павлодар облысында 292 сұраныс, Маңғыстау облысы 91, Қостанай облысы 48 және Ақмола облысында 45. Түркістан облысында білім басқармалары мен білім беру ұйымдарына 25, Қарағанды 12, СҚО 10, Шымкент қаласында 3 сұрау жіберілген, - деп атап өтті Гүлзат Көбенова.

Айтуынша, бұл сұраулар негізінен педагогтардың, тәрбиешілердің сапалық құрамына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың сапалық құрамына, білім алушылардың ұлттық құрамына, үргерімі мен білім сапасына, интернет желісіне қосылуға, оның жылдамдығына қатысты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...