Түркістан облысында пневмониядан 46 адам көз жұмған

9 Шілде 2020, 17:17
1638
Бөлісу:
Түркістан облысында пневмониядан 46 адам көз жұмған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. 

Облыста 2079 адам коронавирус індетіне шалдықты. Ең көбі Түркістан қаласында - 602 адам, Кентауда - 415 адам, Сайрам ауданында - 262 адам. 1911 адам, оның ішінде 9-ы - бала, стационарлық бақылауда жатыр. Республика бойынша бір күнде 2 мыңға жуық жағдай тіркелсе, бізде 28 жағдай тіркелді. Өсім 1,4 пайызды құрап отыр. 2079 адамның 795-і сауығып шықты. Бұдан бөлек, пневмония бойынша науқастар саны 5421-ге жетті. Сауығып шыққандар 2954 адам болды. Коронавирус індетінен 11 адам, пневмониядан 46 адам көз жұмды. Қайтыс болған адамдардың жақындарына қайғырып, көңіл айтамын, - деді Шөкеев. 

Әкім облыс бойынша жүйелі түрде тиісті шаралар қабылданып жатқанын айтты. 

Барлық қала мен ауданда инфекциялық стационарларда 440 төсек-орын дайындалды. Провизорлық стационарларда 1891 төсек-орын, карантиндік орталықтарда 980 төсек-орын әзірленді. Бір апта бұрын төсек-орын жетіспей, қиналып жатсақ, бүгінде олардың 41 пайызы босады. Пайда табуды көздеп, қымбатқа сатқан азаматтар бар. Олар жазаланады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы