Павлоларлықтар қатерлі обыр дерті бойынша скринингтік тексеруден өтуде

14 Ақпан 2019, 18:59
1509
Бөлісу:
Павлоларлықтар қатерлі обыр дерті бойынша скринингтік тексеруден өтуде

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тұрғындары қатерлі обыр бойынша скринингтік тексерулерден өтуде. Биыл бұл игілікке 220 млн. теңге бөлінді.

Павлодар облысы елімізде онкологиялық ауру көрсеткіштері бойынша көш басында. Статистикалық мәліметтере сүйенсек, бүгінде облыстық диспансердің есебінде 11 мыңнан астам азамат тұр.

Қазіргі уақытта қалалық емханаларда скринингтік тексерулер жүргізілуде. Мәселен, №5 аурухана 59 мың тұрғын тіркелген. Былтырғы жылы скринингтік шаралар нәтижесінде обырға шалдығудың 13 оқиғасы тіркелген.

«Скринингтік тексерулер нәтижелерінде обырды ертең кезеңде анықтау мүмкіндігіне ие болды. Ең бастысы, сырқаттардың өміршеңдігі бес жылға ұзарды. Біз пациенттердің 80%-ын тексермекпіз. Бүгінде 10%-ы скринингтен өтіп үлгерді. Медициналық тексерулер жатыр мойны, сүт безі және тік ішек обырына қатысты жүргізіліп жатыр», - дейді №5 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Людмила Валова.

Айта кетейік, бүгінде облыста онкологиялық қызметті дамыту мақсатында жаңа кешен бой көтеруде. 15 корпустан тұратын алып диспансерге 7 млрд. теңге бөлінді. Медициналық ұйым осы жылдың соңында қолданысқа беріледі.

Бірегей нысанда бұрынғы диспансерде қарастырылмаған инфрақұрылым қарастырылған. Қазіргі уақытта негізгі жеті нысанның құрылысы аяқталып, ішкі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, электр желілерін тарту, санитарлық-техникалық және әрлеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, жолаушылар және жүк лифтілері орнатылды.

Мамандарды ңхабаралуынша, облыста соңғы бес жылдың ішінде аурудан болатын өлім-жітім 16%-ға төмендеді, ал дертті анықтау деңгейі 7%-ға өсті


Ақмаржан Әділбек

Фото: автор

 

Өзгелердің жаңалығы