Бас жаңалықтар
Павлодарлық шаруалар 1300 тоннадан астам ет экспорттады
07 Маусым 2019, 15:54 330

Павлодарлық шаруалар 1300 тоннадан астам ет экспорттады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің шаруалары былтырғы жылы таза еттің 1350 тоннасын шетелге тасымалдаған. Бұл - 3,8 млн теңгенің тауары өндірілді деген сөз. Жоспар асыра орындалды. Енді фермерлер Қытай нарығына шығуды мақсат етуде. 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Жанат Шұғаевтың айтуынша, биылғы жыл басынан бері 567 тонна өнім экспортталды. Бұл - сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,4%-ға артық көрсеткіш.   

«Суармалы алқап көлемінің ұлғаюына байланысты ет және сүт шаруашылығында серпіліс байқалады. Бүгінде облыс аумағында малға арналған жем-шөп базасын арттыру үшін 70 мың гектар суармалы жерлерге айналды. Мал шаруашылығын негізгі 2 бағыт бойынша дамытып жатырмыз. Біріншедін, асыл тұқымды ірі қара малды сатып алудамыз. Бүгінде облыс шаруалары 3400 бас сатып алды. Алдағы уақытта асыл тұқымды ірі қараның саны 10 мың басқа жетеді деп күтілуде. Жалпы, асыл тұқымды малдың үлесі 12%-ды құрайды. Яғни, санмен айтқанда 12 мың ірі қара мал», - дейді Жанат Шұғаев.   

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда аймақта 514 мың ірі қара мал мен 717 мың ұсақ қара мал өсіріледі.   

Екіші бағыт - жергілікті мал тұқымдарының сапалы селекциясы. Мақсатқа жету үшін былтыр облыста ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Селекциялық орталық 1128 бас доңызға шақталған. Бүгінде кешенде 65 мың доңыз өсіріліп жатыр. Кәсіпорын 12 мың тонна доңыз еті мен 6,3 мың тонна сиыр етін экспорттаған. Енді Қытай нарығына шығуды көздеуде.   

Кәсіпорынның коммерциялық директоры Максим Щербаковтың айтуынша, қазіргі таңда қытайлық бизнесмендер павлодарлық өнімге қызығушылық танытуда.   

«Шетелдік әріптестерімізбен кезекті халықаралық көрмеде кездестік. Біз шаруашылығымызды дамытқымыз келеді. Қазіргі уақытта қытайлықтармен сертификаттау саласында бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Біз шығаратын шұжық Ресейдің үш облысына тасымалданады. Жыл сайын ет өнімдерінің 150 тоннасын тасымалдаймыз», - дейді Максим Щербаков.   

 Айта кетейік, бүгінде Павлодар облысы доңыз етінің өндірісі бойынша республикада екінші орында.  



Фото: автордан

Сізден жаңалық