Павлодарлық еріктілер карантин талабын бұзған 342 жағдайды анықтады

14 Қазан 2020, 23:53
1160
Бөлісу:
Павлодарлық еріктілер карантин талабын бұзған 342 жағдайды анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде еріктілермен бірге рейдтік шаралар жүргізілуде. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, өңірде шектеулі карантиндік шаралар әлі күшінде, бірақ барлық кәсіпорындар мен ұйымдар карантиндік режимді сақтамайды.

Мониторингтік топтарда карантиндік режимнің бұзылуын анықтайтын 45 ерікті бар. Олар санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігі туралы тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Еріктілермен бірге 5 мыңға жуық рейдтер жүргізілді. Онда карантиндік шаралардың 342 бұзушылығы анықталды, - деді полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.
Мәселен, Павлодар қаласында рейд кезінде 10 қазанда ойын-сауық мекемеде 50-ден астам келушілер болған бұзушылық анықталғарн. Алдыңғы күні санитарлық нормаларды бұзған 3 дәмхана анықталып, оның ішінде 2 дәмханада жұмыскерлер жеке қорғаныс құралдарынсыз жұмыс орнында болған. Біреуінде дезинфекциялық төсеніш болмаған.

Барлық анықталған заң бұзушылықтар тіркеліп, материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Павлодар қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаментіне жіберілді.
Полиция департаменті карантинді бұзушыларды анықтау бойынша кәсіпкерлік нысандарына күнделікті түнгі және күндізгі рейдтер жүргізуде.

Өзгелердің жаңалығы