Павлодарлық өрт сөндірушілер 60-қа жуық жануарды құтқарды

19 Ақпан 2020, 23:07
1964
Бөлісу:
Павлодарлық өрт сөндірушілер 60-қа жуық жануарды құтқарды

Павлодар. BAQ.KZ. Ертіс өңірінің өрт сөндірушілері 60-қа жуық ұсақ жануарды өлімнен құтқарды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабаралуынша, өрт туралы хабарлама екі қабатты дүкенде орналасқан шағын зоопарктен түскен.
Хабар түнгі уақытта түсті. Мамандар оқиға орнына дереу жетіп, тиісті шараларды қолға алды. Бөлек тұрған екі қабатты ғимараттың терезесінен қою түтін шығып жатқанын байқадық. Қызыл жалынмен екі бірдей өрт сөндіру бөлімінің мамандары бірлесіп күресті. Екінші қабатқа көтерілу үшін РСК-50 бағанасы қолданылды. Қызыл жалын і бір сағаттың ішінде ауыздықталды, - дейді мамандар.
Өрт сөндірушілер екінші қабатқа кіру үшін есікті бұзуға мәжбүр болды. Сол жерде сатуға арналған қояндар, тышқандар, жыландар мен құстар болған. Осы бөлімде тоңазытқыш пен жануарларға арналған ұсақ қоспа өртке оранғаны анықталды. Бөлмедегі кермелі төбе де отқа оранған.

Мамандардың мәліметінше, қызыл жалын жалмаған өрттің аумағы 45 шаршы метрді құраған. Жедел құтқару шаралардың нәтижесінде 56 ұсақ жануар аман қалды. Өкінішке қарай, түтінге тұншыққан тағы 21 сүтқоректі өліп қалды. Қазіргі таңда өртенген жердің аумағы мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.
    

Өзгелердің жаңалығы