Павлодарлық полицейлер соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, терезе астында ән шырқады

7 Мамыр 2019, 10:37
3427
Бөлісу:
Павлодарлық полицейлер соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, терезе астында ән шырқады
PHOTO

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің полицейлері Ұлы Отан соғысының қатысушылары, ішкі қызмет полковнигі Петр Кунгуров пен милицияның аға сержанты Құдайберген Қапсалямовтың үйлеріне барып, терезе астында ән шырқады.

Етігімен су кешіп, жеңісті жақындатқан ардагерлер осындай тойынсыйға таң қалысты. Полиция департаменті жанындағы хордың әнін тыңдап, көздеріне жас та алды.

Павлодарлық полицейлер соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, терезе астында ән шырқады

Тәртіп сақшылары Петр Кунгуров пен Құдайберген Қапсалямовқа бейбіт күн үшін алғыстарын білдіріп, кішігірім сыйлықтарын да тарту етті. 

«9 Мамыр күні келер ұрпаққа бейбіт күн сыйлаған ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, майдан даласында қаза тапқан батырларымызды еске аламыз. Ондаған жылдар өтсе де, бостандығымыз, абыройымыз бен тәуелсіздігіміз үшін қан төккен ерлеріміздің ерлігін естен шығару мүмкін емес. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне сарқылмас қайрат пен зор денсаулық тілейміз», - дейді полиция ведомствосының бастығы, генерал Амантай Әубәкіров

Петр Кунгуров 1927 жылы дүниеге келген. Әскери жолын соғыстың сұрапыл жылдары, 1944 жылы бастап, 297-ші атқыштар полкінде қызмет етті. Запастағы 203-ші атриллериялық атқыштар полкінің құрамында ерлік көрсеткен. Жапония соғысына да қатысқан. Жауынгерлік еңбегі үшін Соғыс ардагері Петр Кунгуров көптеген орден- медальдермен марапатталды.

Павлодарлық полицейлер соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, терезе астында ән шырқады

«Осындай құттықтауларға ризамын. Сұрапыл соғыс аяқталғаннан соң телеграф байланыс желісі жөніндегі маман болып еңбек еттім. Ал ішкі істер органдарындағы қызметке 1969 жылы кірісіп, 1987 жылдан бері құрметті демалыстамын. Елімізде ешқашан соғыс болмасын, жастарымыз аман болсын. Бүгін ерекше күн болды. Тереземді ашсам, полицейлер жүрек тебірентер соғыс әндерін шырқап жатыр. Әсіресе, «Жеңіс күні» сүйікті әнімді естігенде, көзіме жас келді, - дейді ардагер. 

Бүгінде Ақсу қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Құдайберген Қапсалямов ақсақалдың үйінде де соғыс әндері шырқалды. 

90 жастың сеңгіріне жеткен Құдайбарген Қапсалямов фронттағы тірлік жайында әңгіме өрбітіп, тәртіп сақшыларына ақ баталарын берді. Бүгінде немере-шөбере сүйген арда азаматтар соғысқа 18 жасқа толмай аттанып, Отан алдындағы парыздарын абыроймен өтеген. Құдайберген Қапсалямов кеңес әскері құрамында фашистік Германиямен кескілескен ұрыстарда екі рет жарақат алған. Соғыс жылдары Варшава, Лодзь, Кутно сияқты ірі қалаларды азат етуге атсалысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін Үшінші дәрежелі Даңқ ордені, Құрмет белгісі орденімен және көптеген медальдармен марапатталды

.

Павлодарлық полицейлер соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, терезе астында ән шырқады

«Тәртіп сақшылары сүйікті әндерімді орындады. Жауынгерлік қызметімді еске алып, тебірендім. Қатарластарымды да еске алдым. Олардың көбі арамызда жоқ. Жеңіс күні әрқайсысын еске аламын. Мен әскери жолымды 1943 жылы Забайкалье әскери округінің 34-ші жеке танкілерді жою дивиязысы нысанашының көмекшісі болып бастадым. Сегізінше армия құрамында Бірінші Беларус майданында әскери борышымды өтедім», - дейді Құдайберген ақсақал. 

Қос қария елге аман оралған соң түрлі салаларда еңбек еткен. Құдайберген ата мен Петр Никитовичтің арманы бір, ол – еліміздің тыныштығы.

Өзгелердің жаңалығы